Оқиға

Террористік осалдықтан үш мейрамхананың жұмысы тоқтатылды

© Sputnik / Андрей Иглов / Медиабанкке өтужабық мейрамхана
жабық мейрамхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада тиісті қауіпсіздік жүйесінің жоқтығынан үш танымал орын жұмыс істей алмайды

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Астанада террористік жағынан осал бірқатар нысанның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

ҚҰК қызметкерлерінің суреті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Мәсімов: ҰҚК 10 жылда Қазақстанда 100-ге жуық терактінің алдын алды

Полицейлер терроризмге қарсы жабдықталуы бойынша осал нысандарды тексерді. 

Терроризмге қарсы қауіпсіздік саласындағы нұсқаулықты орындамағы үшін маусымның басында он нысанның жетекшісі жауапкершілікке тартылды. Тексеру материалдары әкімшілік сотқа жолданды.

Мәселен, сот "Шамбала" дәмханасы, "Абдулла" және "Портофино" мейрамханаларының басшыларына 100 АЕК (220 мың теңгеден астам) көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, нысандардың жұмысы тоқтатылды. 


Жаңалықтар
0