Оқиға

ОҚО-да мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

© AFP 2024 / Sergei Supinskyқамауға алынған әйел
қамауға алынған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында мемлекет бюджетінен бөлінген қаржыларды ұрлаумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жұмыссыздарға жұмыс орнымен қамту мақсатындағы әлеуметтік жұмыс орнымен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекет бюджетінен бөлінген қаржыларды ұрлаумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 30.05.2017 жылы банктік автоматтар арқылы қаражатты қолма-қол нақтылау барысында ҰҚТ ұйымдастырушысы Шымкент қаласының тұрғыны «Д» есімді азаматша ұсталды.

Сотпен санкцияланған тінту шараларын жүргізу барысында, "БМВ Х5" маркалы автокөліктен және тұрғылықты мекен-жайдан 180 дана пластикалық банктік карталар, 2 миллион теңгеден астам нақты ақша, түрлі жеке кәсіпкерлердің 88 дана мөрлері, 22 азаматтың жеке куәліктері, жеке кәсіпкерлердің 21 дана еңбек және 52 дана чектік кітапшалары, жылжымайтын мүліктерге құқық беретін құжаттар және 23 дана түрлі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар алынды.

 "Жұмыспен қамту туралы" ҚР Заңы мен ҚР Үкіметімен бекітілген "Әлеуметтік жұмыс орындарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" Ережесін орындау аясында бөлінген қаражаттарды ұрлау жалған кәсіпорындар мен  көлеңкелі схемалар арқылы іске асырылып отырған.

Сотқа дейінгі тергеп тексерудің қазіргі сатысында 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. ҰҚТ-тың заңсыз іс-әрекеттерінің  мерзімі  анықталуда, ал алдын ала келтірілген залал сомасы қазіргі уақытқа 5,5 млн. теңгеден астам соманы құрады.

02.06.2017 жылы ұсталған азаматшаға қатысты "қамуға алуй туралы бұлтартпау шарасы сотпен санкцияланды.

 Қазіргі таңда, банктік карточкаларының ұстаушыларын, лауазымды тұлғалардың қатыстылығын және ұсталған азаматшаның сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.        


Жаңалықтар
0