Оқиға

Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жарылғыш затты іздеп жатыр

© Sputnik / Серикжан КовланбаевҚоршау
Қоршау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз біреу Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде "бомба" бар деп хабарлаған, қаланың барлық қызметтері оқиға орнында

АСТАНА, 2 маусым — Sputnik. Алматыда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ғимаратында жарылғыш құрылғы іздеп жатыр, бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне қаланың ішкі істер департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

"Жарылғыш құрылғы орнатылған деген қоңырау келіп түсті. Қаланың жедел қызметтері адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, ғимаратты қоршауға алды, сондай-ақ жарылғыш құрылғыны іздестіріп жатыр", — деді ол.

ІІД жүргізушілерден бұл аудандағы қозғалысын реттеуді сұрады.

Жаңалықтар
0