Оқиға

Желі пайдаланушылары Теңізде күкірттің ауаға таралып жатқанын хабарлады

© Photo : "Ак Жайык" / предоставлено очевидцамиТеңіз кең орны
Теңіз кең орны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көзбен көрушілер Атырау облысы Теңіз кең орнында күкірт аралас түтіннің ауаға таралып жатқаны туралы хабарлайды

АСТАНА, 30 мамыр —Sputnik. Оқырмандар "Ақ Жайыққа" табиғат пайдаланушылардың экологияны бұзып жатқаны туралы хабарламалар жолдауды жалғастыруда.

"Бүгін, 30 мамырда таңертеңгі сағат тоғызда Теңіздегі КТЛ зауытында орын алған келесі көріністерге куә болдық: зауыт алауларына газ тасталып, ал түтін шығатын тұрбалардан атмосфераға күкірт түтіні будақтап жатыр. Экологияға едәуір зиян тигізілді. Іргелес аумақтардың бірнеше гектары күкіртпен ластанды", — деп келтіреді басылым WhatsApp арқылы келген хатты.

Редакция тексеру жүргізу өтінішімен Атырау облыстық экология департаментіне жүгінген. 

Жаңалықтар
0