Оқиға

Астанада рөлде ұйықтап қалған жүргізуші көшедегі көліктерді соққан

© Photo : Астана қалалық сотыҚалғып кеткен жүргізуші
Қалғып кеткен жүргізуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот шешімімен рөлде ұйықтап қалған жүргізуші көлік иелеріне шығын өтейді

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Сот отырысында жол-көлік оқиғасына себепші болған жүргізуші өз кінәсін мойындады, ол материалдық шығынды өтейді, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі. 

"Hyundai" маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлін басқара алмай, көше бойында орналасқан гүл қыш құмыраларын және маңайдағы  автокөліктерді соғып өткен, соның салдарынан көлік иелеріне материалдық шығын келтірілген. 

жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысының тас жолында 15 көліктің қатысуымен жол апаты болды

Сот отырысында жол-көлік оқиғасының айыпкері рөлде ұйықтап калғанын айтып, өз кінәсін мойындады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен айыпкердің жұмыс берушісі "Такси" ЖШС-нен жәбірленушілердің пайдасына сақтандыру төлемі өндірілді.

"Такси" ЖШС-і Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына өз қызметкерінен регресс тәртібімен келтірілген шығын сомасын өндіріп алу үшін талап арызбен жүгінді.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.


Жаңалықтар
0