12:09 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
42 0 0

Олар су тасуының салдарынан арнасынан асып кеткен Қопа өзеніне құлап кеткен болуы мүмкін

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. 2 сәуір күні таңертең ағайынды екі жігіт, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен аулының тұрғындары мал айдап әкелу үшін атқа мініп, өріске кетеді, бірақ сол кеткеннен қайтып оралмаған деп хабардайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кейінірек ауылдастары олардың атын тауып алады. Жағдайды еріген судан молайған Қопа өзені ушықтырып отыр – ер адамдар осы қауіпті аумақ арқылы өткен болса керек.

"Адамдардың жоғалғаны туралы хабар бізге кешке ғана түсті. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен арнайы техника, қайық пен құтқарушыларды жібердік. Адамдарды тапқанша іздей береміз. Мұны су тасқынының салдары деп ойламаймыз. Алайда, барлық ауыл тұрғыны қауіпсіздікті сақтау керек. Қазір өзендерден өту өте қауіпті", — дейді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінінің баспасөз хатшысы Қуаныш Мұталлапов.

Загрузка...

Басты тақырып