Оқиға

Қарқаралы ауданындағы жол апаты құрбандарының денелері табылды

Жазылу
Сүңгірлер Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында болған жол апаты құрбандарының барлығының денелерін тапты

АСТАНА, 1 сәу — Sputnik. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында болған жол апатынан қаза тапқан жеткіншек пен екі ер адамның денелері табылды. 

Қарқаралы ауданында Қарағанды-Ынты-Бесоба күре жолының учаскесінде тасқын сулар көліктің жолына тосқауыл болған. "УАЗ" автокөлігінде 14 адам болған, олардың 11 көліктен өз бетімен шыққан. 

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті  хабарлағандай, "УАЗ" жүргізушісі көлігін басқара алмай су шайып кеткен жолдан жыраға түсіп кеткен. 


Жаңалықтар
0