Оқиға

Баласын өзенге батырып жатқан әйелді ит талап тастаған

© Sputnik / Медиабанкке өтуовчарка собака туфли
овчарка  собака туфли - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел екі ұлын суға батырып өлтіру үшін өзенге алып келген.

АСТАНА, 4 наурыз — Sputnik. Австралияда екі баласын өзенге батырып жатқан әйелге ит тап берген, деп хабарлайды News.com.au басылымы. 

Басылымның мәліметіне сәйкес, жантүршігерлік оқиға Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орын алған. Муррей өзеніне екі баласын алып келген әйел  бес жасар ұлын суға батырып, енді екіншісін өлтірейін деп жатқанда баланың жан дауысын естіп, жетіп келген ит оны құтқарып қалады. 

Ит талаған әйел кейін өзі полицияға келген. Бес жасар баланың денесін құтқарушылар келесі күні тауып алған. Екінші бала көз жұмған. Сот тыңдауы кезінде 27 жастағы әйел ұлдарын суға батырғысы келгенін мойындады. Полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 


Жаңалықтар
0