02:34 19 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.07
  • EUR494.45
  • RUB5.66
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
797 0 0

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында кезекті "дәрігерлер ісі" қаралып жатыр. Онда үш сотталушы дәрігер сұмдық мойындау жасады

АСТАНА, 28 ақп – Sputnik. Сергей Ким. Ауруханалар қызметкерлері өлім көрсеткішін сырқатнаманың көмегімен жасырады екен Мұндай мойындау Алматтыда кезекті "дәрігерлер ісі" бойынша сотталушыларды тергеу кезінде айтылды.

Sputnik Қазақстан Алмалы аудандық сотының судьясы Марал Жарылқасова төрт жыл бұрынғы аты шулы іс бойынша сот алдында жауапқа тартылып жатқан жедел жәрдем ауруханасы (ЖЖА) дәрігерлерінен алған жауапты жариялайды. 

Дәрігерлер кінәлі ме?

Осы уақытқа дейін нүкте қойылмаған қайғылы оқиға: жұбанышсыз әке Фархат Агишев жол апатынан кейін ауыр хәлде ауруханаға түскен 21 жасар қызы Диляраның дер кезінде медициналық көмек алмау салдарынан көз жұмғанын дәлелдеуге тырысып жүр.

Агишевтің сөзіне қарағанда, қызды ЖЖА-ға 02.30-де жеткізген, оны тек он минуттан кейін ғана қабылдаған, тағы бес минуттан кейін әкесі қызына телефон соққан, ол есі кіресілі-шығасылы бірер сөз айтқан. Ал әрі қарай – жеке тергеу нәтижелері ресми ақпаратқа қайшы келеді.

Диляра Агишева жол апатынан соң жедел жәрдем ауруханасында көз жұмған
© Photo : Агишевтер отбасының мұрағатынан
Диляра Агишева жол апатынан соң жедел жәрдем ауруханасында көз жұмған

Осылайша, Алматы ішкі істер департаментіне науқастың 03:30 өлгені туралы ақпарат тек таңғы сағат 04:52-де келіп түскен.  Фархат Агишевтің сенімділігі бойынша қызының ауруханаға жеткізілгеннен кейін бір сағаттан соң көз жұмды деген дерек жалған екен. Ол қызының 04:50-ге дейін яғни ауруханада болған 2 сағат 10 минут бойы тірі  болғанына сенімді. 

Бірақ бастысы бұл емес: ер адамның пікірінше, алғашқы құнды минуттарда оның қызына ешқандай көмек көрсетілмей, ол жолда жедел жәрдем дәрігерлері  02:55-ке дейін еккен дәрі тамызғыштың астында каталкада жатқан.

"Неліктен ЖКО уақытынан бері 2012 жылғы 24 қыркүйек пен бүгінгі күн 2017 жылғы 27 ақпан аралығында төрт жарым жыл өтті. Өйткені осы уақыт бойы ІІД қызметкерлері, сарапшылар, ЖЖА қызметкерлері, қалалық денсаулық сақтау тіпті денсаулық сақтау министрлігі де дәрігерлерді жауаптан алып қалу үшін біршама күш салды. Қазіргі уақытта осы қылмыстық істен бөлек тағы екі іс прокуратурада жатыр… Бүгінгі таңда қызымның қандай жарақаттан көз жұмғаны маңызды емес. Ол ЖЖА қабылдау бөлмесі кезекші дәрігерлерінің әрекетсіздігінен көз жұмды", — дейді Агишев.

Фархат Агишев - марқұм Диляраның әкесі
© Sputnik / Сергей Ким
Фархат Агишев - марқұм Диляраның әкесі

Сотталушылар – 2012 жылғы 23-нен 24 қыркүйекке қараған түні кезекшілікте болған дәрігерлер. Дәрігерлер Бахтияр Бектұрсынов, Жангелді Сүлейменов және Марс Байниязовқа медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін тиісті орындамады деген айып тағылып отыр. Олар кінәсін мойындап отырған жоқ.

Адвокат Гаухар Сәлімбаева және сотталушылар: Жангелді Сүлейменов, Бақтияр Бектұрсынов, Марс Байниязов
© Sputnik / Сергей Ким
Адвокат Гаухар Сәлімбаева және сотталушылар: Жангелді Сүлейменов, Бақтияр Бектұрсынов, Марс Байниязов

"Біз бригадамен бәрін жасадық – барлық тексерулерді, барлық жан сақтау шараларын толығымен. Құтқарып қала алмадық, жарақат ауыр болатын. Ол жерде мидің зақымдануы, торлы қабық астына қан құйылу, жамбас сүйегінің сынуы, ішкі ағзаларының жарылуы. Отаға алып үлгере алмай қалдық. Ал былайша, бәрін толық жасадық. Ол жансақтау бөлімінде болды. Ауруханада камераның болмаған өкінішті. Бейнекамера болғанда жақсы болушы еді. Бізде ондай науқастар  бірден жансақтау бөліміне жеткізіледі", — деді травматолог дәрігер және қайғылы кезекшілікке жауапты дәрігер Жангелді Сүлейменов. 

Даулы куәлік ету

Сотта іспен байланысты күтпеген куәлік етулер айтылды.  Анықталып қойған дерек: Диляра Агишеваның атына науқаснама толтырылмаған. Күдіктілерден жауап алу сот отырысында болған журналисттерді де таңғалдырды. Уәде еткеніміздей, сотталушылардың судья Марал Жарылғасованың қойған сұрақтарына берген жауаптарын жариялаймыз. Судья залда диктофон жазбасын жүргізуге тыйым салды. Сондықтан диалог толық келтірілмейді – тек тілші қаламмен жазып үлгерген бөлігі ғана. Сондай-ақ, дәрігерлер кінәларын әлі де мойындамағанын еске саламыз. Төменде айтылғандар оны дәлелдемейді, үлкен процестің эпизоды ғана болып табылады. 

Судья Жарылғасова: Агишеваның жағдайына дейін науқаснама толтырылмайтын жағдайлар орын алатын ба еді? 

Жангелді Сүлейменов: Иә. 

Судья Жарылғасова: Ол 2012 жылы болды ма жоқ оған дейін ба?

Жангелді Сүлейменов: 2009 жылы мен Алматыға келдім. Орталық қалалық ауруханада жұмыс істедім, ол жерде де ондай болатын. 

Судья Жарылғасова: 2012 жылы сіздер барлық науқастарға солай жасайтын ба едіңіздер?

Жангелді Сүлейменов: Бір сағатқа дейін көз жұмғандар…

Судья Жарылғасова: Неліктен тура бірге дейін?

Адвокат Сәлімбаева: Түнгі сағат бір емес, бір сағат ішінде. 

Судья Жарылғасова: Бір сағат ішінде. Ол немен байланысты?

Жангелді Сүлейменов: Мен білмеймін, ойдан ештеңе шығарып отырған жоқпын, солай қалыптасқан. (…)

Судья Жарылғасова: Мен жауап естімедім. Мұндай тәжірибе немен байланысты?

Жангелді Сүлейменов: Мен білмеймін…

Марс Байниязов: Өлім-жітімді төмендету үшін…

Судья Жарылғасова: Қалай өлім-жітімді төмендету? Статистиканы ма?

Марс Байниязов: Статистиканы. 

Судья Жарылғасова: Егер науқас бір сағат ішінде көз жұмса, науқаснама толтырылмайды, ол науқастар өлгендер тізіміне кірмейді ме?

Марс Байниязов: Кіреді. Бірақ аурухананың статистикасына кірмейді. Қала бойынша, республика бойынша (…)

Судья Жарылғасова: Адам өлсе, оған аурухананың науқаснамасы толтырылмады дерлік, олар қалай есептеледі?

Марс Байниязов: Емхана арқылы. 

Судья Жарылғасова: Жалпы нұсқаулық бойынша науқаснама толтырылуы тиіс пе? Барлық науқасарға?

 Марс Байниязов: Тиіс.

Судья Жарылғасова: Жарайды, ол "жедел жәрдеммен" түспеген науқастарға қатысты шығар. Ал "жедел жәрдеммен" түскен науқастар?

Марс Байниязов: Оған қарамайды. 

Сот отырысы әлі аяқталған жоқ. 

 

 

 

Загрузка...

Басты тақырып