АСТАНА, 1 ақп — Sputnik. Полицейлер тайлық Паттайя қаласының отельдерінің бірінде қазақстандық туристің денесін тапты, деп хабарлады pattayaone.news порталы.
БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, 31 қаңтар 23.00-де отель қызметшісі қазақстандық турист жалға алған бөлмелердің бірінде қатты иіс шығып тұр, ешкім есікте ашпайды деп хабарлаған. Полицейлер бөлмеде ер адамның жалаңаш денесін тапқан. Жанында қатты мас болған қыз жатқан. Ол жылап, тергеушілерге ешнәрсе түсіндіре алмаған.
Мәйітті алдын ала қарау, ер адамның шамамен бір тәулік бұрын көз жұмғанын көрсеткен. Жұптың ішімдікке әуесқойлығы болжанып отыр, өйткені бөлменің барлық жерінен көптеген бос шөлмек табылды, деп ақпараттандырады портал. Құжаттарға сәйкес, өлген адам қазақстандық 41 жастағы турист болып шықты.
Оның денесі Бангкокқа сот-медициналық сараптамаға жолданды, деп түйді портал.