Оқиға

Шахан ауылындағы бес қабатты үйдің құлауынан екі адам аман қалды

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аман қалған адамнан бөлек бір күн бұрын кешке оқиға орнынан 11 жасар қыз ауруханаға жеткізілді.

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Нақтыланған деректерге сәйкес, Қарағанды облысы Шахтиниск қаласы Шахан ауылындағы бес қабатты үйдің құлау салдарынан екі адам аман қалды. 

Бұрын хабарланғандай, дүйсенбі күні таңертең 32 жастағы ер адам үйіндінің астынан тірі шықты. Кейіннен ТЖ комитетінде хабарлағандай, құтқарушылар мен дәрігерлер оқиға орнына келген кезде бір күн бұрын 2005 жылы туылған қыз жамбасының жабық сынығымен ауруханаға жатқызылған. ТЖ 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды. Үйдің қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйінділерді ашуға кірісті.

Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби. 

Sputnik Қазақстанға "қызу желі"  телефоны арқылы хабарлағандай, қауіпсіз жерге көшірілген адамдар үшін екі орналастыру бекеті әзірленген. Бірақ соңғы деректерге сәйкес, олардан барлығы бас тартып, туыстары мен жолдастарының үйінде орналасқан. 


Жаңалықтар
0