Оқиға

Австрияның әділет министрлігі Рахат Әлиев өзіне қол салды деген болжамды алға тартады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАвстрия
Австрия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі аптадан кейін швейцариялық Санкт-Галлене қаласында сараптама дайын болады, оның тұжырымы Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің өлімін ресми зерттеудің "әділетсіздігіне күдік келтіруді жоққа шығарады".

АСТАНА, 14 жел — Sputnik. Австралиялық әділет министрлігі 2015 жылғы ақпанда Вена түрмесінде өлі күйінде табылған Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі және Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің өзіне қол салды деген болжамды алға тартып отыр. 

Дүйсенбі күні Әлиевтер отбасының Австриядағы адвокаттары неміс сот-медициналық сарапшы Бернд Бринкманның зерттеу қорытындыларын ұсынды. Ол қаза тапқанның мойнындағы нүктелік қанталаулар сырттың әсерін, яғни өзге адамның тұншықтырғанын білдіреді деген тұжырымды алға тартады. 

"Істе қандай да бір түбірлі өзгеріс туралы мәселе жоқ, өйткені Венаның Бас прокуратурасында дәлелдерді зерттеудің бірқатар қайшы келетін қорытындылары бар, бұл ретте олар бірін-бірі жоққа шығармайды", — деп мәлім етті сейсенбіде Австрия әділет министрлігінің қылмыстық бөлім басшысы Кирстиан Пльначек OE1 радиосының таңғы бағдарламасы эфирінде. 

Оның атап өтуіне қарағанда, мамандар бұл бейнебақылаумен де, Әлиев табылған камераның құлпымен де ешқандай айлалы әрекет таппаған. Бұдан бөлек тергеушілер ас пен медикаменттерге жауапты бүкіл персоналдан жауап алып, ал коронер Әлиевтің "суицидке бейімділігі" туралы тұжырым жасағандығын еске салды Пильначек. Бұл ретте оның сөзіне қарағанда швейцариялық Санкт-Геленеде бөлек сараптамаға тапсырыс берілген. Оның қорытындылары ресми тергеудің "әділетсіздігіне күдік келтіруді жоққа шығарады". Оның қорытындылары екі апта ішінде келеді деп күтіліп отыр. 


Жаңалықтар
0