12:07 08 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.60
  • EUR489.92
  • RUB5.85
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
48 0 0

Аномалды аяз тұрақтаған Қазақстанның солтүстігінде соңғы үш күн ішінде үсіп өлудің үшінші жағдайы тіркелді.

АСТАНА, 22 қар – Sputnik. Ақмола облысы Васильевка ауылы шетінде тағы бір әйел үсіп қайтыс болды деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik агенттігіне.

Полицияның мәлімдеуінше, Сандықтау ауданы Васильевка ауылының тұрғыны 19 қараша күні құрбысының үйінен шығып, алайда өз үйіне оралмаған. Зайыбын іздеп-іздеп таба алмаған ер адам полицияға хабарласуға мәжбүр болыпты. Іздеу жұмыстары барысында 21 қараша күні ауыл шетінде қалың қар арасынан жоғалып кеткен 50 жастағы әйел адамның денесі табылған. 

"Ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ дене мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, әйел адамның өліміне себеп болған – ағзаның жалпы суықтауы", — деді агенттікке сұхбат беруші.

Бұдан бұрын бұқара халыққа 19 және 20 қараша аралығында дауылдық ескерту жарияланып, кей жерлерде ауа температурасының минус 40 градусқа дейін төмендейтіні айтылған болатын. 

Загрузка...

Басты тақырып