Оқиға

Затобольскіде тұрғын үйде газ жарылды: зардап шеккендер 80%-ға дейін дене күйігін алған

© Sputnik / Табылды КадырбековЖанып тұрған шырпымен газды тұтандыру
Жанып тұрған шырпымен газды тұтандыру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үйде болған үш адам көптеген жарақат алып, денелерін күйік шалды. Зардап шеккендердің екеуі, болжам бойынша, ерлі-зайыптылар жан сақтау бөлімінде өлім аузында жатыр.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Қостанай облысындағы ауылда беслитрлік газ баллон жарылып, жеке тұрғын үйдің үш қабырғасын қиратты, үйде болғандардың бәрі жан сақтау бөліміне жатқызылды деп хабарлайды облыстық ТЖ жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Бейсенбі 17 қараша күні сағат 20:50-де Затобольск ауылында Механизаторлар көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, нәтижесінде үйдің үш қабырғасы құлаған, шатыры мен ішкі қабырғалары жанып кеткен. Жалпы өртенген аумақ 80 шаршы метрді құрайды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 15 адамы мен бес техника жұмылдырылып, сағат 22:03-ке қарай ауыздықтаған. 

"Беслитрлік газ баллон жарылып кеткен. Жарылыс себебі әзірше белгісіз. Тергеу жүргізілуде", — деп хабарлады Қостанай облыстық ТЖД  Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Almaty Towers ғимаратындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Фото
Almaty Towers ғимаратындағы өрт: жан түршіктірер тілсіз жау

Өрт салдарынан үш адам зардап шекті: үй иесі денесінің 70-75%-ы ІІІ дәрежелі күйік алған: беті, басы, мойны, арқасы, қол-аяғы, бұты; ІІ дәрежелі травмалық шок алған, жағдайы өте ауыр. Оның ағасы дененің 40-45%-ы шамасында ІІІ дәрежелі күйік алған, сонымен қатар желкесінен жарақат, І дәрежелі травмалық шок алған, оның да жағдайы өте ауыр. Үй иесінің зайыбы денесінің 75-80%-ын ІІІ дәрежелі күйік шалған: беті, басы, мойны, арқасы, қол-аяғы, тыныс алу мүшелері, ІІ дәрежелі травиһмалық шок алған, жағдайы өте ауыр. 

Зардап шеккендердің бәрі Қостанай облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді. 

"Біреуін травматология бөліміне ауыстырды, екеуінің жағдайы өте ауыр – кез келген сәтте жан тапсыруы мүмкін", — деді жан сақтау бөлімінде Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жаңалықтар
0