Оқиға

Almaty Towers кешеніндегі өрт: батут орталығының директоры екі айға қамауға алынды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бизнес орталығында өрт шығып, алты адам қаза тапты. Ұсталған азамат өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын бұзды деген күдікке ілінді.

АСТАНА, 15 қар  — Sputnik.  Сот Almaty Towers кешеніндегі өрттің шығуына себепші болды деген күдікпен Алматыдағы батут орталығының директоры қамауға алынды деп хабарлады қалалық сот баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бұдан бұрын полиция батут орталығының 1983 жылы туылған директоры ұсталды деп хабарлаған болатын. 

"Алматы қаласының №2 Бостандық аудандық соты Дәурен Тұяқовқа қатысты қаулы қабылдады. Сот алды тергеу жұмыстары кезінде екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші телефон арқылы.

Тергеу мәліметі бойынша, Тұяқов абайсызда екі немесе оданда көп тұлғаның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарын бұзу дерегі бойынша күдікке ілінді (ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі).

Жаңалықтар
0