07:36 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
238 0 0

2016 жылы 13 қарашада Шымкент-Арыс-Шардара трассасында жол көлік апаты орын алды, нәтижесінде бес адам қаза тапты. Жол апатына кінәлі 57 жастағы КамАз шопыры оқиға орнынан қашып кеткен болатын, бірақ кейіннен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

АСТАНА, 15 қар  — Sputnik. Арыс қаласының тұрғыны КамАз автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс бағытына шығып кетіп, Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Volkswagen Passat автокөлігінің 5 жолаушысы қаза тапты: 1988, 1997, 1998 жылдары туылған үш қыз және 2001, 2002 жылдары туылған тоғызыншы сыныптың екі оқушысы. Қаза тапқандар әртістер болатын, Шардарада өтетін мерекеге қатысуға кетіп бара жатқан еді.

Жарақат алған жеңіл автокөлік шопыры аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жедел іздестіру шараларының барысында Арыс АІІБ қызметкерлері қашып кеткен шопырды құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Сараптама нәтижесі бойынша 57 жастағы ер адамның орташа деңгейде мас болғаны анықталды. 

Бұл факті Арыс АІІБ СТБР-не екі бап бойынша тіркелді: 345-бап "Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көліктік құралдарды басқарушы тұлғалардың көліктік құралдарды басқару ережесін бұзуы" және 347-бап "Жол апаты болған жерден кетіп қалу". Екі автокөлік айыппұл тұрағына әкелінді. Бірнеше сараптама тағайындалған. Сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

Загрузка...

Басты тақырып