Оқиға

Астанада жедел жәрдем, патруль мен жеңіл көлік соқтығысты

© SputnikЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша, жол апатына кінәлі жедел жәрдем көлігін басып озбақ болып қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көліктің жүргізушісі болған.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik. Астанада "жедел жәрдем", патруль және жеңіл көліктер соқтығысты, зардап шеккен бар деп хабарлады елордалық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

© Photo : Вконтактедегі Astana Space бірлестігіАстанада жедел жәрдем, патруль және жеңіл автокөлік соқтығысты
1/2
Астанада жедел жәрдем, патруль және жеңіл автокөлік соқтығысты
© Photo : Вконтактедегі Astana Space бірлестігіАстанада жедел жәрдем, патруль және жеңіл автокөлік соқтығысты
2/2
Астанада жедел жәрдем, патруль және жеңіл автокөлік соқтығысты
1/2
Астанада жедел жәрдем, патруль және жеңіл автокөлік соқтығысты
2/2
Астанада жедел жәрдем, патруль және жеңіл автокөлік соқтығысты

Алдын ала берілген мәлімет бойынша, Лада автокөлігі "жедел жәрдем" көлігін озып өтемін деп, қарсы бағытқа шығып кеткен, нәтижесінде патрульдік автокөлікке соқтығысқан.

Соқтығысу салдарынан патруль көлігі де қарсы бағытқа шығып кетіп, "жедел жәрдем" көлігіне соғылады. 

Лада көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көше жарығы бағанасына соғылған.

Жол апаты нәтижесінде Лада жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Апаттың анық-қанығы тексерілуде.

Жаңалықтар
0