Оқиға

Алматы облысында бес адам ажалды жол апатының құрбаны болды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚоршауға алу
Қоршауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы-Бішкек тас жолында ажалды жол апаты орын алды. Оқиға орнында екі көліктің де жүргізушілері мен үш жолаушы қаза тапты.

АСТАНА, 10 қар – Sputnik. Алматы облысында екі көліктің соқтығысу салдарынан, бес адам қаза тауып, тағы алтауы ауруханаға жеткізілді. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

Өтпеу керек - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысындағы көлік апатында бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды
Оның сөзіне қарағанда қайғылы жағдай 9 қараша күні сағат 22.50-де орын алған. 

Mercedes  жәнеToyota Previa автокөліктері Алматы-Бішкек автожолының 140-шы шақырымында Ақтерек ауылынан 30 шақырым жерде соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Алты кісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп түйді Иманқұлов.  


Жаңалықтар
0