Оқиға

Өртте қаза тапқан студенттер туралы достары: шарттарды білген, бірақ ақша таппақ болды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтудәнекерлеуші
дәнекерлеуші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Almaty Towers кешеніндегі өртте қаза тапқан 20-22 жасар жігіттер құрылыста сағатына мың теңгеден жұмыс істеген.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Almaty Towers кешеніндегі өртте қаза тапқан студенттердің жақындары олардың бизнес орталықтағы жалдамалы жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасының сайты

Almaty Towers ғимаратындағы өрт - Sputnik Қазақстан
Фото
Almaty Towers ғимаратындағы өрт: жан түршіктірер тілсіз жау

ТЖ 6 қараша күні кешке  орын алған. 25 қабатты екі мұнараға жалғасқан алты қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Бастапқыда бір адамның көз жұмғаны туралы айтылды – ол 54 жастағы дәнекерлеуші болатын. Келесі күні ТЖД тағы төрт адамның денесі табылғанын хабарлады. Бастапқы болжам бойынша, олар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болған. Бірнеше сағаттан соң тағы бір адамның денесі табылғандығы айтылды. Олар 20-22 жастағы студенттер болып шықты. Студенттердің екеуі Сәтбаев атындағы техникалық университетте, ал екеуі Қазақ ұлттық университетінде оқыпты. Бесіншісі Асфендияров атындағы медицина университетінің 4 курсында білім алып жүрген. 

Олардың туыстарының айтуынша, жігіттер демалыс күндері сағатына мың теңгеден жалданып жұмыс істеп жүрген. Марқұмдардың туыстары, достары сәрсенбі күні сот сараптамасы орталығының маңында жиналған. Қайғылы оқиға туралы оқу орындарының өкілдерінен білген.  

Әбдікәрім Бахтияров, марқұм Исмайыл Исраиловтың туысы: Енді үйіне көмектесейін деп, азғантай ақша істейін деген де. Ол туралы үйдегілер білмеген. Санат Малдыбеков, марқұм Еламан Айдарәлиевтің ағасы: Бетке ұстайтын бала — семьясының үлкені, одан кейінгілері кішкентай. Әке-шешесі жас, өзі математик. Сосын осы бала да КазГУ-де бетке ұстайтын, жақсы оқитын студент екен. 

Ришат Асқарбекұлы, тілші: Еламан мен Нұрлыбек Қазақ ұлттық университетінің 3 курсында оқып, мына жатақханада тұрып жүрген. Сабақтан үлгерімдері жақсы болғандықтан, демалыс күндері ақша табу үшін әр салда жалданып жұмыс істеп жүрген. Біз қазір оларды соңғы рет көрген және бір бөлмеде тұрған курстастарымен тілдесіп көреміз. Қаза тапқан студенттердің суреттері жатақхананың кіре берісіне қойылыпты. Көзіне жас алған достары мен мұғалімдері екеуінің үлгілі студент болғанын айтады. Еламан жатақханада тәртіп секторына жауап берген. Ал олардың бөлмелерінде қазір бос қалған темір кереуеттер ғана тұр. 

Almaty Towers кешеніндегі өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Almaty Towers кешеніндегі өртте қаза тапқан студенттердің жанұяларына көмек көрсетілді

Комнаталасым Нұрлыбек бөлмеде жалғыз болған. Сосын жаңағы Еламан деген бала келген. Сосын жұмыс шықты деп екеуі сағат кешкі 5-терде кеткен. Телефондарын интернетке салып қояды. Керек адам звондайды, осындай уақытта жұмыс бар деп, қосымша разнорабочий болып істеп ақша табады.

Қайтыс болғандардың студенттер екенін Ішкі істер департаменті де растады. Қазір қылмыстық іс тергеліп, кінәлілерді анықтау жалғасып жатыр. Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі: Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 292 бабы екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазір осы бойынша тергеу жалғасып жатыр. Тиісті сараптамала тағайыналып, өлімге не себеп болғаны анықталатын болады. Марқұмдардың мәйіттері бүгін кешке дейін туыстарына берілді. 


Жаңалықтар
0