Оқиға

Қанды түн: Шымкентте түнгі клубта жас жігітті атып кетті

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыс 16 қазан күні болған. Қазір полиция үш күдіктіні іздестіруде.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде төбелес кезінде жас жігітті атып кетті деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД.

Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокуратура мен ІІМ Игорь Нанаевтың қазасын тергеуді бақылауға алды

Ведомствоның мәліметінше, өткен жексенбіде сағат 04.00 кезінде полицияға облыстық клиникалық ауруханадан хабарлама келіп түскен. Хабарламада ауруханаға желкесінен оқ тиген белгісіз бір ер адамның өлі денесі жеткізілгені айтылған. Қылмыстық полиция қызметкерлері жігіттің кім екенін анықтады, ол 1993 жылы туылған жергілікті тұрғын.

Жедел қызметкерлер куәгерлерден сұрап білгендей, түнгі клубтардың бірінде келушілер арасында төбелес шыққан, сол кезде белгісіз біреу зардап шегушінің желкесіне оқ атқан.

Полиция қызметкелері 1991, 1993 және 1996 жылы туылған үш күдіктіні белгіледі. Оларды ұстау шаралары орындалып, сот алды тергеу ісі жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0