Экономика

Кредитті төлей алмайтын адамдарға қатысты заң әзірленіп жатыр

© Public DomainПустой кошелек нет денег
Пустой кошелек нет денег - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері қарастырылған
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасын 4 ақпанға дейін үкімет кеңсесіне енгізуді тапсырды.
Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.
Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай 18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған.  
"Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын",  –  деді Смайылов.
Айта кетейік, Қазақстанда жеке азаматтардың банкроттығы туралы заңды қабылдау мәселесі талай рет көтерілді. Бірақ осы уақытқа дейін қолға алынбады.
Жуырда депутаттар жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қабылдауды ұсынды. Мақсат – банкке қарызын төлей алмай, күнін әрең көріп жүрген қазақты жалғыз баспанасынан айырмау. Sputnik Қазақстан тілшісі заңның тиімді тұстары туралы сараптамалық материал жариялады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанға жеке тұлға банкроттығы туралы заң неге қажет
Жаңалықтар
0