https://sputnik.kz/20220121/qazaqstan-khalqyna-aqsha-19194509.html
"Қазақстан халқына" қорынан берілетін ақшаға салық салынбайды
"Қазақстан халқына" қорынан берілетін ақшаға салық салынбайды
Sputnik Қазақстан
"Қазақстан халқына" қоры жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президенттің тапсырмасымен құрылды. Ол денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау салаларындағы проблемаларды... 21.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-21T16:38+0500
2022-01-21T16:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
қазақстан
халық
ақша
салық
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_0:150:1921:1230_1920x0_80_0_0_2eb8e6423ba21f96095e296630602f53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан берілген ақшаға салық салынбайды. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Миятов "Қазақстан халқына" қорына аударылатын және одан берілетін ақшаға салық салу мәселесіне тоқталды.Сондай-ақ, оның айтуынша, бизнес субъектілерді "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударуға ынталандыру үшін Салық кодексіне түзетулер енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, қорға аударым жасағандарға салық салынатын кірісті азайту құқығын ұсыну көзделуде. Бұл аударымдардың мөлшері қазір талқыланып жатыр.Еске салары, "Қазақстан халқына" қоры жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президенттің тапсырмасымен құрылды. Ол денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау салаларындағы проблемаларды шешумен айналысады. Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетеді.Қорды бұрынғы қаржы министрі және "Қазақстан даму банкінің" экс-басшысы Болат Жәмішев басқарады.Қордың мәліметінше, 16-19 қаңтар аралығында қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге түсті. 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлер 19,2 миллиард теңге аударды.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18632903_40:0:1879:1379_1920x0_80_0_0_8f54322bf11e8b63294430f7f30abccf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, халық, ақша, салық
қазақстан, халық, ақша, салық
"Қазақстан халқына" қорынан берілетін ақшаға салық салынбайды
16:38 21.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) "Қазақстан халқына" қоры жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президенттің тапсырмасымен құрылды. Ол денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау салаларындағы проблемаларды шешумен айналысады
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан берілген ақшаға салық салынбайды. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Миятов "Қазақстан халқына" қорына аударылатын және одан берілетін ақшаға салық салу мәселесіне тоқталды.
"Салық заңнамасы тұрғысынан қордан берілген қаражат қайтарымсыз алынған мүлік ретінде алушының табысы саналады. Осылайша, қазір Салық кодексінің нормалары қайта қаралады. Яғни салықтан босату туралы өзгеріс енгізіледі", - деді Миятов.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бизнес субъектілерді "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударуға ынталандыру үшін Салық кодексіне түзетулер енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, қорға аударым жасағандарға салық салынатын кірісті азайту құқығын ұсыну көзделуде. Бұл аударымдардың мөлшері қазір талқыланып жатыр.
Еске салары, "Қазақстан халқына" қоры жаппай тәртіпсіздіктерден кейін президенттің тапсырмасымен құрылды. Ол денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау салаларындағы проблемаларды шешумен айналысады. Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетеді.
Қорды бұрынғы қаржы министрі және "Қазақстан даму банкінің" экс-басшысы Болат Жәмішев басқарады.
Қордың мәліметінше, 16-19 қаңтар аралығында қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге түсті. 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлер 19,2 миллиард теңге аударды.