Экономика

Жұмысшылар жоғары жалақы талап еткенде шетелдіктерді әкелу дұрыс емес – президент

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Люди работают на заводе
Люди работают на заводе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Қазақстан президенті бизнесмендермен әңгімесінде шетелдік жұмысшыларға квота беру мәселесін көтерді
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ірі кәсіпкерлермен кездесуінде шетелдік жұмыс күші мәселесіне тоқталды.
"Жеке кәсіпкерлердің шетелдік жұмысшылар үшін квотаны кеңейту идеясын ұсынуы дұрыс емес деп есептеймін. Елде шынымен жетіспейтін салалық мамандарды ғана аз көлемде алдыруға болады. Қазақстандықтар жалақыны көтеруді талап етеді немесе еңбекқор емес, сондықтан шетелдіктерді көптеп әкелу қажет деген әңгімені тоқтату керек", - деп мәлімдеді Тоқаев.
Ол елімізде жұмыс істейтін азаматтар, әсіресе жастар жеткілікті екенін атап өтті. Ал мемлекет пен бизнестің міндеті – еңбек идеологиясын енгізу.
Оқи отырыңыз: Қазақстан байлығының тең жартысы бар-жоғы 162 адамға тиесілі – Тоқаев 
Жаңалықтар
0