Экономика

Қазақстан АҚШ-та шоты бар азаматтары туралы ақпарат алады

© Sputnik / Владислав ВодневДеньги тенге клавиатура, иллюстративное фото
Деньги тенге клавиатура, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Бұл режимге қосылмаған жағдайда халықаралық банк аударымдарынан аударым сомасының 30%-і ұсталуы мүмкін
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан АҚШ-та шоты бар азаматтары туралы ақпарат алады. Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.
Заң жобасы қаржы ұйымдары, оның ішінде кредиттік ұйымдар, сақтандыру, брокерлік және басқа да осыған ұқсас компаниялардың қызметіне қатысты.
"Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Яғни, аталған мәселе бойынша елдер арасындағы өзара іс-қимыл Қазақстанның бюджетіне де оң әсерін тигізеді", - деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Ұлттық экономика министрі бұл режимге қосылмаған жағдайда халықаралық банк аударымдарынан төлемді алушы АҚШ-та салық салынатын тұлға болса, аударым сомасының 30%-і ұсталуы мүмкін екенін айтты. Мұндай жағдайда аударылған қаражат АҚШ-тағы инвестицияларға байланысты кіріс болып саналады.
Келісімге қосылатын қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтап, көрсетуге тиіс.
Министр Қазақстан ақпаратты орталықтандырып жинауды көздейтін модельді таңдағанын хабарлады. Бұл қаржы жүйесін бақылауға, Қазақстанның азаматтары мен резиденттері туралы ақпаратты АҚШ-тан алуға, Қазақстанның қаржы институттарының әкімшілік шығындарын қысқартуға, сондай-ақ келісім талаптарына байланысты қаржы секторы үшін қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік береді.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жіберілді.
Жаңалықтар
0