Экономика

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты, купюры
Деньги, тенге монеты, купюры - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады.
2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша орташа зейнетақы 99 726 теңгені құрады.
2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 триллион 696,4 миллиард теңге бағытталғаны хабарланды.
2021 жылдың қарашасында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 153,2 миллиард теңге бағытталды.
2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 233 мың адамды құрайды.

Зейнетақы қалай төленеді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір адамның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев зейнетақының шекті межесін көтеру мерзімін ұзартуды тапсырды 
Егер зейнетақы жүйесіне 20 жыл қатысса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74%-ін, 30 жыл – күнкөріс құнының 94%-ін құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100% жоғары мөлшерінде белгіленеді.
Егер бір ай ішінде МЗЖ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.
Жаңалықтар
0