Экономика

Қазақстан Қырғызстанға 1 000 автобус экспорттайды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Қырғызстан келесі жылы қазақстандық өндірістен шыққан автокөліктерді сатып алады. Құжатқа Қазақстан премьері Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қол қойды
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан 2022 жылы Қырғызстанға Yutong маркалы автобустар мен арнайы техника экспорттайды. Тиісті меморандумға екі ел министрлер кабинетінің басшылары қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра КазахстанаҚазақстан келесі жылы Қырғызстанға автобус пен арнайы техника экспорттайды
Казахстан в 2022 году экспортирует в Кыргызстан автобусы и спецтехнику - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Қазақстан келесі жылы Қырғызстанға автобус пен арнайы техника экспорттайды
Құжатқа Қазақстан сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қырғыз Республикасы экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, Бішкек қаласының мэрі Айбек Джунушалиев және "Аллюр" компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қол қойды.
Меморандум 2022 жылы Қырғызстанға лизинг шартымен Қазақстанда шығарылған Yutong маркалы 1 мың бірлік электрлі, газ және дизельмен жүретін автобусты және 100 бірлік арнайы техниканы жеткізуді көздейді.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары келіссөз жүргізді
Автобустар жолаушылар көлігі қозғалысын диспетчерлендірудің электронды жүйесімен және ONAY PAY жол ақысын төлеудің автоматты жүйесімен жарақтандырылады.
Айта кетері, Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
Жаңалықтар
0