14:24 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (101)
202 0 0

Бұйрыққа енгізілетін өзгерістер жобасы пысықталып, шамамен 2022 жылы күшіне енеді. Айта кетері, зейнетақының бір бөлігін алу үшін салымның жеткілікті шегі қаңтардан бастап артады

АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандықтар келесі жылдан бастап БЖЗҚ-дағы артық соманы "Отбасы банкіне" аудара алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік салымдарды толықтыру бөлігіне қатысты бұйрыққа өзгерістер әзірледі, ол қазір пысықталып жатыр.

"Жоба пысықталып жатыр, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардан ескертулер болды, қазір солар қаралып жатыр. Шамамен 2022 жылдың қаңтарында басталады", - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетері, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қаржы жеткілікті шегінен асқан жағдайда "Отбасы банктегі" шотқа аударуға рұқсат беруді тапсырды. Оның айтуынша, бұл шара қаражат жинау және оларды дұрыс басқару әдетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін жеткілікті шегінің көрсеткіштері күрт өсетіні хабарланды.

Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткілікті шегі 21 жаста – 3,2 млн теңге, 22 жаста – 3,3 млн теңге, 30 жаста – 4,4 млн теңге, 40 жаста – 5,8 млн теңге, 50 жаста – 7,4 млн теңге болуы қажет.

БЖЗҚ ең төменгі жеткілікті шегінің сомасы әрбір жас үшін есептелетінін және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының артуы ескерілгенін хабарлады. Бұл ретте "республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер пайдаланылады. Осыған байланысты жеткілікті шегінің мөлшерін есептеу жыл сайын осы көрсеткіштердің өсуін ескеріп жүргізіледі.

Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу (101)

Тақырып бойынша

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептеледі – видео
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі: қанша қазақстандық ақшасын ала алады
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі қалай өзгерді
Тоқаевтың экс-көмекшісі зейнетақы жинағының жеткілікті шегіне қатысты ойын айтты
Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі артады: қазақстандықтар қарсы петиция әзірледі
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, зейнетақы, отбасы, банк
Загрузка...

Басты тақырып