Экономика

Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету: ережеге қандай өзгеріс енді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Бірқатар түзету мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған әскерилерге қатысты
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету механизмі жетілдірілуде, деп хабарлады елдің қорғаныс министрлігі.
Баспанамен қамту мәселелері бойынша қорғаныс министрлігі әзірлеген заң жобасының жаңа редакциясы парламент қарауында жатыр. Жаңартылған құжатта мамандар механизмнің тиімділігін арттыру бойынша шаралар ұсынды.
Бүгінде бұл механизмнің сипаты мынандай: әскери қызметшінің арнайы есепшотына ақша аударылады, аударылатын қаражат көлемі отбасы мүшелерінің санына және әскери қызмет өңіріне байланысты болады. Бұл қаражатты баспана сатып алуға да, жалға алуға да жұмсауға болады.
"Қалдық құны бойынша баспананы жекешелендіру мәселесі түзетуді қажет ететін негізгі тармақ болып отыр. Заңға енгізілген өзгерістер 10 жылдан астам уақыт еңбек еткен әскерилерге қалдық құн бойынша жекешелендіруге жататын баспананы өз атына рәсімдеуге мүмкіндік береді", - деді қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов.
Осы уақытқа дейін әскерилерді екі санатқа бөлді: 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 10 жыл және одан да көп әскери қызмет өтілі бар әскерилер және ондай еңбек өтілі жоқ әскерилер. Бұл ретте қалдық құны бойынша тұрғын үйді жекешелендіру құқығы бірінші санаттағы әскери қызметшілерде ғана болды. Заңның жаңа редакциясында 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін міндетті мерзім алынып тасталды.

Тағы қандай өзгерістер жоспарланып отыр

Бірқатар түзету мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған әскерилерге қатысты. 10 жылдық еңбек өтілі бар мұндай әскерилерге баспананы қайтарымсыз негізде жекешелендіру құқығын беру ұсынылды.
Түзетулер қатарында "Модульді мобильді тұрғын үй" ұғымын заң жүзінде бекіту де бар. Баспана тапшылығы бар, баспананы жалға алуға мүмкіндік жоқ гарнизондардағы әскери қалашықтарда модульді мобильді тұрғын үй орнату жоспарланып отыр.
Өзгертуді қажет ететін тағы бір назар аударарлық тармақ – жекешелендіру құқығының өтуі. Таласовтың айтуынша, қорғаныс министрлігі ұсынып жатқан түзетулер әскери қызметші көз жұмғаннан кейін, соның ішінде Қарулы күштер саласынан жұмыстан босатылған соң, жекешелендіру құқығы оның отбасы мүшелеріне көшеді.
Тұрғын үй заңнамасындағы жаңашылдықтар әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған және Қазақстан армиясындағы әскери қызмет атқаруға ниет білдірушілерді арттыруды көздейді.
2018 жылдан бері қолданылып келе жатқан әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігіне үш жыл ішінде жаңа қонысқа көшкен 12 мыңнан астам әскери қызметкер мен олардың отбасы мысал бола алады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0