14:24 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Экономика
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

2020 жылы шетелдік инвестициялардың жаһандық ағыны 35%-ке қысқарды. Бұл соңғы 30 жылда инвестиция ең аз тартылған кез

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Соңғы бірнеше жылда жаһандық саяси және экономикалық ахуалдың нашарлап, пандемияға байланысты әлемдік экономикада тікелей шетелдік инвестициялар көлемі қысқарып жатқаны байқалды, деп мәлімдеді Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.

2020 жылы шетелдік инвестициялардың жаһандық ағыны 35%-ке қысқарды. Бұл соңғы 30 жылда инвестиция ең аз тартылған кез.

Қазақстанда 2020 жылы тікелей шетелдік инвестиция көрсеткіші 30 процентке төмендеп, 17 миллиард долларды құрады. Дегенмен биыл оң қарқын байқалады: бірінші жартыжылдықта 11,1 млрд доллар тартылды.

Жыл қорытындысы бойынша шамамен 20 миллиард, ал 2022 жылы пандемияға дейінгі деңгейге, яғни 24 миллиард долларға қол жеткізу көзделіп отыр.

Инвестициялық белсенділіктің өсуіне, негізінен, экономиканың шикізаттық емес секторлары үлес қосты.

Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 1,8 есе, құрылысқа салынған инвестиция – 2,2 есе, ауыл шаруашылығы саласына тартылған иневстиция – 1,4 есе өсті.

Өңірлер бойынша ең жақсы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалалары, Ақтөбе және Павлодар облыстарында тіркелді.

Тақырып бойынша

Қазақстан 2021 жылы 15 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр
Президент Шымкентке инвестиция тарту ісін жандандыруды тапсырды
Қазақстан туризмге 1 трлн теңгеден аса инвестиция құюды жоспарлап отыр
Скляр Тоқаевқа Германиядан тартылатын инвестициялар туралы ақпарат берді
8 айда қоршаған ортаны қорғауға 100 млрд теңгеден астам инвестиция бағытталды
Кілт сөздер:
Қазақстан, инвестиция
Загрузка...

Басты тақырып