14:07 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Экономика
Қысқа сілтеме алу
274 0 0

KEGOC бұған дейін электр станцияларындағы апаттар мен криптовалюта майнерлері электр энергиясын тұтыну көлемін күрт арттыруына байланысты Қазақстанда электр энергиясы тапшылығы туындағанын хабарлаған болатын 

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан "Интер РАО" холдингінен елімізге электр энергиясын коммерциялық мақсатта жеткізуді сұрады. Бұл туралы басқарма мүшесі, компанияның трейдинг блогы басшысының міндетін атқарушы Александра Панина хабарлады, деп жазды РИА Новости.   

"Қазақ тарапы шынымен де Қазақстанға электр энергиясын жеткізу туралы өтініш жасады. "Интер РАО" Қазақстанға экспортты бастау туралы байыппен ойланып жатыр. Біз тіпті, шынын айтқанда, қазақ биржасында белгілі бір көлемдерді ұсына бастадық. Әңгіме коммерциялық жеткізілімдер туралы болып отыр", - деді ол телефон конференциясы барысында.

Қазан айында Панина "Интер РАО" Қазақстанға электр энергиясын коммерциялық мақсатта жеткізуге қызығушылық танытып отырғанын хабарлап, өңірді компанияның бизнесін дамыту үшін "тартымды аймақ" деп атады.

Қазақстанның "Самұрық-Энерго" мемлекеттік компаниясы ("Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіреді) қараша айында ресейлік компаниямен Қазақстанға энергия жеткізу үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

Электр желілерін басқаратын қазақстандық KEGOC компаниясы бұған дейін электр станцияларындағы апаттар мен криптовалюта майнерлері электр энергиясын тұтыну көлемін күрт арттыруына байланысты Қазақстанда электр энергиясына сұраныстың өндірістен асып кетуіне әкеліп соқтырғанын мәлімдеген болатын.

"Интер РАО" – Ресей Федерациясындағы электр энергиясын экспорттау және импорттау бойынша жалғыз оператор.  

Загрузка...

Басты тақырып