Экономика

Шымкентте екі қылмыстық топқа қатысты іс сотқа түсті – видео

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Қылмыстық топтардың бірі 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге жалған мәміле жасасқан

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Шымкентте жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, 8 адамнан тұратын қылмыстық топтың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан.

Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған. Осы ұйымдасқан қылмыстық топтың 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысы бар екені анықталды.

Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Ал шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.

Олардың заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 3,1 миллиард теңге сомасына салық түскен жоқ.

Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралып жатыр.

Жаңалықтар
0