18:37 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Экономика
Қысқа сілтеме алу
355 0 0

2023 жылға дейін шетелдік инвесторлардың қатысуымен керамика плиткасын шығаратын үш жаңа кәсіпорын іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. 2025 жылға дейін Қазақстанда керамика плиткасы, сода және шыны шығаратын зауыттар пайдалануға беріледі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, отандық тауарлардың ассортиментін кеңейту үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады.

"2022 жылы Қызылорда облысында қуаты жылына 197,1 мың тонна болатын "Orda Glass LTD" табақ шыны өндірісі жобасын пайдалануға беру жоспарланған. Инвестиция көлемі 42,1 миллиард теңгені құрайды. Бұл жоба ішкі нарықтың табақ шыныға қажеттілігінің 98%-ін өтейді", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Сондай-ақ 2023 жылға дейін шетелдік инвесторлардың (Швейцария, Түркия, Өзбекстан) қатысуымен керамика плиткасын шығаратын үш жаңа кәсіпорын іске қосылады. Зауыттар ішкі нарықтың сұранысын 90%-ке қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін кальцийленген сода өндіретін екі жаңа кәсіпорын салынады. Зауыттар Жамбыл облысы мен Павлодар облысында ашылады.

Осы жобаларды пайдалануға беру ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, деп түйіндеді министр.

Оқи отырыңыз:

Загрузка...

Басты тақырып