Экономика

Ең ірі қаржы пирамидасы: министрлік ресейлікті экстрадициялау видеосын көрсетті

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Пирамида басшылары салынған ақшадан 366 процентке дейін табыс табуға болатынына кепілдік берген

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Қазақстан тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ішкі істер министрлігінің жедел тергеу тобы тәуелсіздік тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасының басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу барысында 2016 жылдың наурызынан бастап 2017 жылдың маусымына дейін Испания, Кабо-Верде және Ресей азаматтары Қазақстан аумағында Questra World қаржы пирамидасын құрғаны және оның құрамына қазақстандықтарды тартқаны анықталды", - деді Ораз бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, пирамида басшылары салынған ақшадан 366 процентке дейін табыс табуға болатынына кепілдік берген. Ал салымшыларға виртуалды валюта арқылы құны 90-500 мың еуро тұратын ойдан шығарылған инвестициялық портфельдер сатып алуды ұсынып отырды. Бірақ қаражатты айналымға жіберген жоқ.

"Бір қатысушыларды жаңадан кірген салымшылардың жарналары есебінен байыта отырып, қаржыны өзара бөлісіп отырған. Қаржы пирамидасына Қазақстанның мыңдаған азаматы тартылған. Ал материалдық шығын сомасы 1 миллиард теңгеден асты. Қылмыстық іс бойынша 4 адам, соның ішінде бұрын Беларусь елінен экстрадицияланған Ресей азаматы жауапқа тартылды", - деп атап көрсетті Ораз.

Министрлік Ресей азаматын экстрадициялау видеосын да көрсетті.

Жаңалықтар
0