17:43 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Экономика
Қысқа сілтеме алу
11310

Сенат төрағасы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, есеп комитетінің мүшесі қызметіне Расул Рахымовты ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Сенаторлар республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа мүшесін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, есеп комитетінің мүшесі қызметіне Расул Рахымовты ұсынды. Оның кандидатурасы қаржы және бюджет комитетінің отырысында қаралды.

"Расул Нұрланұлы - "Болашақ" халықаралық стипендиясының түлегі. Шетелдің жоғары оқу орындарында оқыған. Президент әкімшілігінде, сондай-ақ сауда және индустрия министрлігінде жұмыс істеді, стратегиялық жоспарлау және талдау саласында еңбек тәжірибесі бар. Сол жерде өзін қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарайтын кәсіби басшы ретінде көрсете білді", - деді комитет басшысы Ольга Перепечина.

Осылайша, комитет мүшелері Конституцияның 57-бабы, 1-тармағы бойынша және сенат төрағасының ұсынысы негізінде Расул Нұрланұлы Рахымовты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа мүшесі қызметіне тағайындауға кеңес берді.

Сенаторлар осы ұсынысты бірауыздан қолдады.

Оқи отырыңыз: 

Тақырып бойынша

АЭА аумағының 60 пайызға жуығы бос тұр – есеп комитеті
Есеп комитеті шетелден маман тартуды қысқартуды ұсынды
Есеп комитеті білім және ғылым министрлігін тексереді
Кілт сөздер:
есеп комитеті, тағайындау
Загрузка...

Басты тақырып