Экономика

Ет бағасы қымбаттауы мүмкін – министр

© Photo : pixabay / congerdesignГовядина
Говядина - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Биыл сегіз ай ішінде еттің орташа бағасы 7,4 процентке көтерілген. Соның салдарынан ет сатып алу көлемі азайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еттің бағасы біршама қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл жеп-шөп бағасы өсіп отыр. Сол себепті еттің бағасы өсуі ықтимал. Ет өндіріп отырған шаруа қожалықтары өздерінің шығындарын өтеуі керек қой. Сондықтан еттің бағасы өседі деп болжап отырмыз, қатты өспейтін шығар", - деді Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, отандық кәсіпкерлер етпен ішкі нарықты қамтамасыз етуге қауқары бар. Мәселен, сиыр етімен – 97 процентке, қой етімен – 100 процентке, ал жылқы етінінің сұранысы 97,5 процентке жауып отыр.

"Сондықтан ішкі нарықта етке деген сұранысты толықтай өзімізде өндірілетін өніммен жабылып отыр. Ал сырттан келетін ет көп емес. Өзіміздің шаруалар шығарып жатқан ет жеткілікті", - деп атап көрсетті Қарашөкеев.

Айта кетері, биыл сегіз айдың ішінде еттің орташа бағасы 7,4 процентке көтерілген. Соның салдарынан ет сатып алу көлемі азайды.

Бір жылдың ішінде қойдың еті қатты қымбаттап кеткен. Оның бағасы бірден 14,9 процентке көтерілді. Одан кейін жылқы еті – 9,4 процентке, сиыр еті - 7,8 процентке, шошқа еті - 7,4 процентке, ал құс еті 3,2 процентке қымбаттады.

Жаңалықтар
0