Экономика

Қазақстанда көлікке сутегі құятын станция пайда болады

© Sputnik / Владислав Водневжанар май бекеті
жанар май бекеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Пилотты жоба Атырауда пайда болады. Сутегі бензиннің экологиялық баламасына айналуы керек

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Қазақстанда алғашқы автокөліктерге арналған сутекті құю станциясы пайда болады.

Көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу шаралары аясында республикада сутекті бастамаларды дамытуға бағытталған меморандумға "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы, "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС және "Эр Ликид Мұнай Тех Газы" ЖШС (Air Liquide бөлімшесі) қол қойды.

Осының арқасында елімізде сутекті қозғалтқышы бар автокөліктер үшін сутегі құю станциялары пайда болады. Бекеттерді сутегімен Атырау мұнай өңдеу зауытындағы "Эр Ликид Мұнай Тех Газы" ЖШС қамтамасыз етеді. Бұл технология Қазақстанда алғаш рет қолданылғалы отыр, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі.

"Пилотты жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде 2022 жылдың наурызында Атырауда мобильді сутегі құю бекетін орнату, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерін тасымалдайтын сутегі қозғалтқышы бар автобустар мен жеңіл көліктер сатып алу қарастырылған", - дейді компаниядағылар.

Екінші кезең аясында 2022 жылдың соңына қарай "Эр Ликид Мұнай Тех Газы" ЖШС-мен бірлесіп сутегі құю станцияларын тиісті сападағы сутегімен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау және Атырау қаласында стационарлық сутегі құю бекетін іске қосу жоспарланған.

"Мемлекет басшысының 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес және жалпы әлемдік трендтерді басшылыққа ала отырып, "ҚазМұнайГаз" сутегі энергетикасын ұзақ мерзімді перспективада компания қызметін декарбонизациялау бағдарламасының басым бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр. Көміртегі көлемін азайту активтер құнының өсуіне септігін тигізіп қана қоймай, сондай-ақ біздің инвестициялық тартымдылығымызды да арттырады", - деп атап өтті басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясы қабылданып, көміртегі көлемін төмендету бағдарламасы мақұлданды. ҚМГ атмосфераға СО2 шығуын 2019 жылғы деңгейден 2031 жылға қарай 15%-ке төмендетуді мақсат етіп отыр. Бұл шамамен 1,6 млн тонна СО2-ні құрайды.

Сутегі отыны - бензин мен дизельдің экологиялық баламасы болады. Себебі оны қолдану кезіндегі жанама өнім тек су ғана. Сонымен қатар, сутегінің бензинге қарағанда шығыны әлдеқайда аз - 100 километр үшін небәрі 0,6 килограмм сутегі жұмсалады.

Сутегі құю бекеті сутегіні сақтау, салқындату, сығымдау және тарату құрылғыларынан тұрады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0