22:38 24 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.24
  • RUB6.04
Экономика
Қысқа сілтеме алу
24 0 0

Президенттер Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелерін талқылайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. 14 қазанда онлайн форматта Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Беларусь Республикасының бастамасымен 14 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді", - деп жазды ол Facebook-те.

Президенттер Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылайды.

Еуразиялық экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бері жұмыс істейді. Одаққа Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан мүше.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Еуразиялық экономикалық одақ
Загрузка...

Басты тақырып