Экономика

Тоқаев Ерболат Досаевты қабылдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Национального банка Ерболата Досаева
Президент Касым-Жомарт Токаев принял председателя Национального банка Ерболата Досаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2021
Жазылу
Қыркүйек айында жылдық инфляция 8,9 процентке дейін қарқын алған. Айлық инфляцияның артуына ақылы қызметтер, ең алдымен, білім беру және тұрғын үйді жалға алу салалары үлкен үлес қосқан

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке 9 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, әлемдік экономиканы қайта қалпына келтірудің қарқыны туралы есеп берілді. Сондай-ақ дамыған елдердегі орталық банктердің ақша-несие саясатын күшейтуге көше бастағаны сөз болды.  

Ерболат Досаев қыркүйек айында жылдық инфляцияның 8,9 процентке дейін қарқын алғаны жайында баяндады. Айлық инфляцияның артуына ақылы қызметтер, ең алдымен, білім беру және тұрғын үйді жалға алу салалары үлкен үлес қосқан.

Ұлттық банк төрағасы үкіметпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан инфляцияға қарсы кешенді шаралар мен инфляцияны болдырмау жөніндегі монетарлық саясаттың негізгі бағыттары туралы айтты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты баға тамыз айындағы 10,4 проценттен қыркүйекте 9,6 процентке дейін төмендеген.

Ұлттық банк төрағасының мәліметі бойынша шикізат тауарлары бағасының қымбаттығына, тұтынушылар тарапынан туындаған шектеулерге байланысты әлемдегі тұтыну бағасы ең жоғары деңгейде сақталып отыр.

"Кездесу барысында жыл соңына дейін және 2022 жылға арналған энергия тасымалдаушылар бағасына қатысты болжамдар ұсынылды", - деп жазылған ақпаратта.

Президентке ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі, сондай-ақ валюта нарығындағы ахуал жөнінде баяндалды.  

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Ұлттық төлем жүйесін дамытудың және цифрлық биометриялық сәйкестендірудің ұлттық платформасын құрудың алдын ала нәтижелері сөз болды.

Жаңалықтар
0