Экономика

Қаржы пирамидасы болуы мүмкін – компаниялар тізімі жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2021
Жазылу
Осындай компаниялардың сайтын одан әрі тексеріп бұғаттау үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдар өзара әрекет етеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаржы пирамидасы болуы мүмкін ұйымдар тізімі

Тізімге 121 субъект, соның ішінде қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым мен 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) еніп отыр.

"Тізімді жариялау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Осындай компанияларға байланысты тәуекелдердің уақтылы алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге осындай тізімді қалыптастыру нарықтағы әділ бәсекелестікті қолдауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді түрде анықтауды қамтамасыз етеді", - делінген ресми хабарламада.

Осы орайда агенттік мамандары қаржы нарығының заңсыз қатысушылары қандай әдіспен анықталатынын да түсіндірді. Ондай ұйымдар бірнеше жолмен анықталады. Олар:

  • интернеттегі ақпараттық кеңістікті мониторингтеу;
  • блогтар, форумдар, бейнехостингтер және мессенджерлер арқылы әлеуметтік желілерді мониторингтеу;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (жы басынан бері агенттікке күмәнді компаниялардың қызметі бойынша жеке және заңды тұлғалардан 125 өтініш түскен);
  • мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл.

Агенттік қаржы нарығының барлық субъектілеріне күдікті компаниялар туралы хабарлайды. Сондай-ақ, осындай компаниялардың сайттарын одан әрі тексеру және бұғаттау үшін құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдармен өзара әрекет етеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0