НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына барған жұмыс сапарында аймақта жылдам шешуді қажет ететін бірқатар қордаланған мәселе бар екеніне назар аударды.
Атап айтқанда, мемлекет басшысы облыста еңбек даулары өршіп тұрғанын ерекше атап өтті.
"Жыл басынан бері өңірде осындай 150 дау туындады. Бәрі заң аясында шешілуге тиіс. Жаңаөзенде тұрақты жұмыс істейтін Ведомствоаралық штаб құру қажет. Оған мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" белсене қатысуы керек. Бұл штаб шұғыл шешім қабылдауға және халықпен тығыз қатынас орнатуы қажет", – деді президент.
Мемлекет басшысы облыста жұмыссыздық мәселесінің ушығып тұрғанына мән беріп, жергілікті жұрттың жұмыс таппай жүргенін, ал мердігерлердің басқа жақтан еңбек күшін тартатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдік пен "Самұрық-Қазына" қорына, ең алдымен, өңірдің жергілікті тұрғындарын жұмыспен қамтуға баса мән беруді тапсырды.
Оқи отырыңыз:
- Маңғыстауда әйелдер ереуілге шықты – видео
- Шетелде тұратын қазақстандықтар елді неге тастап кеткенін ашық айтты
- Жұмыссыз қалған кезде берілетін әлеуметтік төлемді кім және қалай алады