Экономика

Назарбаев пандемия кезінде Қазақстанды ауқымды шығыннан не құтқарғанын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Сарапшылардың пікірінше, өткен жыл ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлы тоқыраудан кейінгі ең нашар жыл болды

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бастау Бизнес" жобасының бес жылдығына орай үндеу жасады.

2016 жылдан бастап 150 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкерлік негізі бойынша оқыды. Әрбір үшінші түлек өз ісін ашты. Нұрсұлтан Назарбаев видео үндеуінде жобаны бүкіл Қазақстан бойынша жалғастыру қажет екенін айтты.

"Оқу бітіргеннен кейін бизнес-тәлімгерлер жыл бойы өз қамқорлығындағылардың жобасына жетекшілік етеді. Істі жаңа бастаған кәсіпкер туындаған мәселемен жалғыз күреспейді. Бұл әсіресе бүкіл бизнес жаһандық пандемияға байланысты қатты қысымға ұшыраған жағдайда өте маңызды. Бұл жағдайда экономикалық тұрлаусыздықты еңсеруге және сол арқылы Қазақстандағы бүкіл экономика мен халықтың жұмыспен қамтылуын қолдауға мемлекеттік қолдау шаралары көмектеседі. Өткен жыл сарапшылардың бағалауы бойынша ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлы тоқыраудан кейінгі ең нашар жыл болғанына қарамастан, біз ауқымды шығынға ұшырамадық", - деді елдің тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан COVID-19 пандемиясына және сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты батыл шараларды уақытылы қабылдағанын айтты.

"Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан көптеген сынақ пен қиындықтарды еңсерді, алайда кез келген дағдарыста біз тек қауіп-қатерді ғана емес, мүмкіндіктерді де көрдік. Бүкіл елдің табысы мен өз жеңісінің арасында теңдік белгісін қойған адамдар әрқашан біздің дамуымыздың басты қозғаушы күші болды", - деп атап өтті Елбасы.

"Бастау Бизнес" жобасының тарихы 2016 жылы басталды. Пилоттық жоба Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында, Жаңаөзенде және Ақтөбе облысының Темір ауданында іске қосылды.

2017 жылы "Бастау Бизнес" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын оқыту форматы ретінде қабылданды. Осы жылы 80 ауданның 15 000 ауыл тұрғыны оқыды, әрбір бесінші қатысушы (3 314 немесе 22%) жобаны іске асырды.

2018 жылы қалалар мен моноқалалардың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындары оқуға тартылып, 160 аудан қамтылды. 2019 жылдан бастап жобаға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары қатысады.

Биыл "Бастау Бизнес" жобасы бес жылдығын атап өтіп жатыр. Жобаны "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырады.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл кәсіпкерлігін оқытып қана қоймай, үздік бизнес-жобаларды қаржыландырады және сүйемелдейді. 15 микроқаржы ұйымы құрылды.

Жеңілдетілген шарттар бойынша несие беруге 22,5 миллиард теңге бөлінді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0