Экономика

2022 жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, монеты
Деньги, тенге, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Келесі жылы айлық есептік көрсеткіш 2021 жылғы АЕК-пен салыстырғанда 146 теңгеге өседі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшерін 3063 теңге (7,2 доллар) деңгейінде белгілеу ұсынылды. Ашық НҚА порталында жарияланған "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында АЕК осындай көлемде қарастырылған.

"2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдарды, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болып белгіленсін", - делінген жоба мәтінінде.  

2021 жылы АЕК 2917 теңгеге тең болды. Егер заң жобасы қабылданса, оның көлемі 2022 жылы 146 теңгеге артады.

Қазақстанда АЕК жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай -ақ республика заңнамасына сәйкес айыппұлдарды, салықтарды және басқа төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

Еңбек министрлігі президенттің 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" жолдауына сәйкес үкіметке 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден (100 доллар) 60 000 теңгеге (141 доллар) дейін көтеру тапсырылғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

400 мың теңгеге дейін алады: оқытушылардың жалақысы өсті

Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі - сенат заң жобасын қабылдады

Еңбек министрі 1,6 миллион қазақстандықтың табысы өсетінін айтты

Жаңалықтар
0