Экономика

Құрғақшылықтан бидай көлемі азайса да, ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілді – Мамин

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр РК Аскар Мамин
Премьер-министр РК Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Биыл ауа райының қолайсыздығы астық өнімділігінің төмендеуіне ықпал етті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Биыл Қазақстанда егіс алқаптарынан 18 миллион тонна дәнді және майлы дақыл жинау жоспарланып отыр. 6,5 миллион тонна бидайды экспортқа шығаруға болады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет басшысы биыл әлемде астық жинау бойынша жағдай күрделі болып отырғанын атап өтті. Ауа райының қолайсыздығы астық өнімділігінің төмендеуіне ықпал етті. 

Айтуынша, Қазақстанда 18 миллион тонна дәнді және майлы дақылдарды жинау жоспарланып отыр. Соның ішінде 16 миллион тоннасы – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар.

"Бүгінгі күні егін жинау жұмыстары 95 пайызға жуық орындалды. Биылғы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, еліміздегі бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілді. 6-6,5  миллион тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар", - деді Мамин үкімет отырысында.

Ол жаңа астықтың сапалық көрсеткіштеріне тоқталды. Айтуынша, дәннің желімтегі 28%-тен асатын бидай жиналған астықтың жалпы көлемінің 74%-іне жетті. Әлемдік нарықта осындай сапалы бидайға сұраныс жоғары.

Мамин әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы министрлігіне егін жинауды аса қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. 2022 жылға тұқым қалдыруды да қамтамасыз етуі керек екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0