Экономика

Министрліктер 24 млрд теңге игермеді – Жамаубаев

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр финансов Ерулан Жамаубаев
Министр финансов Ерулан Жамаубаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Бюджет ақшасын ең көп игермеген өңірлер – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстары

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын ең көп игермеген өңірлер мен ведомстволарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда барлық бюджет деңгейінде атқарылу көрсеткіші жоғары. Республикалық бюджет бойынша 9,9 триллион теңгеге шығыс жүргізілді. 31 миллиард теңге атқарылған жоқ, оның ішінде 7 миллиард теңгесі – үнемдеу.

"Игерілмегені – 24 миллиард теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары денсаулық сақтау, ішкі істер, мәдениет және спорт, әділет, төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты", - деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Айтуынша, бюджет қаржысын игермеудің негізгі себептері – төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды, төлем нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін жүргізілген, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау және тағы басқа.

Министрдің мәліметінше, жергілікті бюджеттер шығысы 5,2 триллион теңге болған. 64 миллиард теңге атқарылмаған.

"Биыл өңірлерге 2,5 триллион теңге нысаналы трансферт көзделді. 1 қыркүйекке дейін оларға 1 триллион 358 миллиард теңге бөлінген. Оның 98%-і игерілді. Игерілмегені – 23,5 миллиард теңге", - деді ол.

Бюджет ақшасын ең көп игермеген өңірлер – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Жаңалықтар
0