12:27 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Экономика
Қысқа сілтеме алу
38 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттің дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру барысы туралы мәлімет берілді

АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы  Ұлттық банк төрағасының биылғы 8 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде, сондай-ақ әлем экономикасының қайта қалпына келу барысында инфляциялық қатердің күшейе түскені туралы есебін тыңдады.

Президентке үкіметпен бірлесіп бекітілген инфляцияға қарсы шаралар мен оны жүзеге асырудың негізгі бағыттары, сондай-ақ биылғы инфляцияның жаңартылған болжамдары туралы баяндалды. 

"Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың табысы мен тұтыну деңгейінің артуына ықпал ететін Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің арта түскені жөнінде және президенттің дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру барысы туралы мәлімет берілді", - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек мемлекет басшысына Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің 8 айда 93,7 миллиард долларға дейін ұлғайғаны және Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 2,3 миллиард долларға дейін өскені туралы алдын ала деректер ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның монетарлық емес факторларын төмендетуге және халықаралық нарықтардағы құбылмалылықтың арту жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды.

Загрузка...

Басты тақырып