Экономика

Тоқаев "ҚазТрансГаз" басшысымен елді газдандыру мәселесін талқылады

© Sputnik / Тимур БатыршинПоследнее звено трансазиатского газопровода “Центральная Азия - Китай”запущено в Казахстане
Последнее звено трансазиатского газопровода “Центральная Азия - Китай”запущено в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2021
Жазылу
2021 жылы отандық газ тұтынушыларды 158,8 миллиард теңгеге субсидиялау шаралары атқарылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "ҚазТрансГаз" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "ҚазТрансГаз" компаниялар тобының биылғы сегіз айдағы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы баяндалды.

Газовое оборудование  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Экономика
Көгілдір отын жағатын тұрғындар саны көбейіп келеді – Тоқаев
Қайрат Шәріпбаев президентке өткен жылмен салыстырғанда магистральді тасымалдау көрсеткіші 14 пайызға өсіп, 65,4 миллиард текше метрге жеткенін мәлімдеді. Ұлттық оператордың табысы 8 айда 6 пайызға артып, 1,342 триллион теңге болды. Таза пайданың көлемі – 55 пайызға өсіп, 304 миллиард теңгені құрады.

Мемлекет басшысына биыл отандық газ тұтынушыларды 158,8 миллиард теңгеге субсидиялау шаралары, сондай-ақ бюджетке 128,4 миллиард теңге көлемінде салық және басқа да төлемдер түскені жөнінде айтылды.  

Қайрат Шәріпбаевтың мәліметі бойынша компанияның таза табысы отандық газ тасымалдау жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға және борыштық жүктемесін азайтуға бағытталады. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобы сегіз ай ішінде 995 миллион  доллар көлеміндегі кредиттік қарызын өтеген.

Мемлекет басшысына газ тасымалдау саласының инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту жобаларын жүзеге асыру, атап айтқанда Маңғыстау облысының газ тасымалдау инфрақұрылымын реконструкциялау, "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральді газ құбырының екінші желісін салу, Қашағандағы газ өңдеу зауыттарының құрылысы, сондай-ақ "ҚазТрансГаз"  акционерлік қоғамын цифрландыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндалды.

Президент елімізді одан әрі газбен қамтуға қатысты ұсынылған жобалар мен іс-шараларды қолдайтынын айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Шәріпбаевқа еліміздің газ саласын дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Жаңалықтар
0