14:00 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Экономика
Қысқа сілтеме алу
78 0 0

Вице-министр деректерді сақтау сервері Қазақстан аумағында болады деп сендірді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Цирфлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин ресейлік "Сбербанк" көмегімен дайындалатын жаңа платформадағы деректер тарап кетпейді деп мәлімдеді.

"Деректер қайда сақталатыны туралы мәселеге нүкте қоятын уақыт жетті деп ойлаймын. Себебі деректердің сақтауға арналған серверлер Қазақстан аумағында болады. Барлығы заңнамаға сәйкес тексеріледі, ешқайда тарамайды", - деді Жамбакин "7 студияға" берген сұхбатында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя программа «Студия 7» (@studiya_7tv)

Ол eGov керісінше дамып, толыға түсетінін айтты.

"Құрметті қазақстандықтар, біз сіздерге өмір сүру қолайлы болуы үшін, қызметтерді алу оңай әрі жылдам болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан дүрбелең тудыратындай ешқандай себеп жоқ", - деп түйіндеді вице-министр.

Еске сала кетейік, 3 қыркүйекте Шығыс экономикалық форумы (ШЭФ) аясында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Сбербанк басқарма төрағасы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, ресейлік компания Қазақстандағы мемлекеттік секторды цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға қатысады.

Сбербанктің көмегімен жүзеге асырылатын цифрландыру барысында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығы мен тиімділігін арттыру қарастырылып отыр.

Загрузка...

Басты тақырып