Экономика

Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстерді қайта ашады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМальдив аралдары
Мальдив аралдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2021
Жазылу
Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. 4 қазаннан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында төрт тұрақты рейс ашады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Рейстер Б767 және А321LR әуе кемелерімен орындалады.

"Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға және ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады" - делінген хабарламада.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бұған дейін министрлік 17 қыркүйектен бастап Қазақстаннан Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны артатынын хабарлаған болатын.

Оқи отырыңыз: Жасанды ПТР-тестке байланысты Алматы әуежайында бақылау күшейтілді

Жаңалықтар
0