Экономика

Ресеймен меморандумға қол қойылды: мемлекеттік секторда қандай өзгеріс болады

© Photo : Pixabay / councilcleРука на клавиатуре компьютера, иллюстративное фото
Рука на клавиатуре компьютера, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2021
Жазылу
Құжатқа сәйкес, ресейлік компания Қазақстанның мемлекеттік секторын цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға қатысады. Толығырақ Sputnik материалында

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек - Sputnik. 3 қыркүйекте өткен Шығыс экономикалық форум (ШЭФ) аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен "Сбербанк" басқарма төрағасы Герман Греф ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тарихи келісімшарт

Өткен жұмада Асқар Мамин мен Герман Греф Қазақстан Республикасындағы цирфлық трансформация, цифрландырудың платформалық моделіне және Data-Driven Government тұжырымдамасына көшу жобаларын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсімі екі ел президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысқан видеоконференциялық байланыс форматында өтті.

"Бұл үлкен жетістік, - деді қол қою рәсімінен кейін Тоқаев. – Осы стратегиялық жобаны жүзеге асыру Қазақстан азаматтарының өмір сапасын арттыруға үлкен үлес қосатынына күмән жоқ. Қазақстанның барлық мемлекеттік органы үшін бірыңғай платформа құруға әкелетін цифрлық трансформация цифрлық үкімет тұжырымдамасын жүзеге асырып, мемлекеттік аппарат пен ұлттық компания жұмысының сапасын арттырады".

"Сбер" ұсынған нұсқаны Қазақстан үкіметі оңтайлы деп таныды. Бұл цифрлық технологиялар саласындағы біздің жетекші компанияларымыздың халықаралық нарықтағы тиімділігі мен жоғары сұранысқа ие екенін растап отыр", - деді Путин.

Оның айтуынша, "Сбер" жобасының аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға арналған қажетті бағдарламалық жасақтама орнатылуы керек.

Data-Driven Government – бұл деректерге негізделген мемлекеттік басқару. "Мұндай тұжырымдама белгісіздік жағдайында шешім қабылдауға көмек көрсетудің бағдарламалық жүйелерінің көмегімен ауқымды деректер анализінің әдістері мен технологиялары негізінде мемлекеттік билік органдарының шешім қабылдауын білдіреді, - деді Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономика университетінің жасанды интеллект, нейротехнологиялар және бизнес-аналитиктер зертханасының меңгерушісі Тимур Садықов.

Ресей мен Қазақстандағы әдіс бірдей бола ма

"Ресейде азаматтарға цифрлық қызметтер мен сервистер ұсынуға арналған озық бағдарламалық жасақтама әзірленіп енгізілген, - дейді Тимур Садықов. – Соңғы жылдары Мәскеу әлем қалаларының цифрландыру бойынша рейтингінде жоғары орынға жайғасты. Intelligent Community Forum аналитикалық орталығының нұсқасы бойынша Мәскеу Smart City номинациясы бойынша әлемнің озық жеті қаласының қатарына енген. БҰҰ мамандары дайындаған 2020 жылғы дерек бойынша Мәскеу электронды сервистерді дамыту деңгейі боынша рейтингте 6-шы орында тұр".

Садықовтың айтуынша, Ресейде телемедицина және қашықтағы диагностика жүйесін енгізу цифрландырудың ең үлкен жетістігінің бірі болды.

"Азаматтар мен билік арасындағы қарым-қатынастың көп бөлігі цифрлық форматқа көшірілген, - дейді Халықаралық сауда және интеграция зерттеу орталығының ақпараттық дизайн департаментінің директоры Максим Горчаков. - Бұл барлық тарап үшін қолайлы. Сайтқа кіріп, анкета толтырып, өтінім жолдау, қажет болса баж салығын төлеу жеткілікті".

Деректер негізіндегі басқарудың тағы бір мысалы – Мәскеуде жақында ғана әзірленген Бірыңғай медициналық ақпараттық-аналитикалық жүйе, деп санайды сарапшы.

"Бұл жүйе бүгінде барлық емханаға енгізілді. Сайьқа кіріп, дәрігер қызметін таңдап, оның қабылдауына жазыласың да, тиісті уақытта емханаға келіп,м 10 минутта қажетті медициналық қызметті алып, үйіңе қайтасың. Шамамен жеті жыл бұрын алдымен емханаға келіп, ұзын-сонар кезек күтіп, одан соң тағы басқа кабинетке баруға тура келетін. Қазір осы ақпараттық жүйе адамдар мен медициналық мекемелердің арасындағы байланысты тиімді жаққа өзгертті", - дейді Максим Горчаков.

Сарапшы көлік сегмендіндегі оң өзгерістерді де атады. Қазір Мәскеудің көлік департаменті шынайы деректерге анализ жүргізу арқылы сымдарға жалғанған, жол кептелісін тудыратын және кедергілерді айналып өте алмайтын троллейбустарды қолданыстан алып тастап, жолаушылар үшін қолайлы автобус бағдарын іске қосып жатыр. Мәскеуліктер кептелісі аз әрі қолайлы бағдарды көре алады.

Осы жылдың ақпанында Ресейде Үкіметтің үйлестіру орталығы құрылды. Ресей Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері Александр Караваев бұл оқиға Нұр-Сұлтан назарын аударды дейді.

"Ресейдің ЕАЭО бойынша серіктестері бұл технологиялық жетістікті жоғары бағалады. Мұны революциялық қадам деп те атауға болады. Себебі мемлекет жұмысының барлығы бір штабқа біріктіріліп, алынған деректер негізінде басқару жүргізіледі. Оған көлік, медицина, ішкі қауіпсіздік сындық барлық сала кіреді. Барлығы осы жүйеге енгізілген. Қазақстан үшін Ресейдің осы жүйеге өтуі қызықты болды. Қазір Ресейде үйлестіру орталығы сәтті жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесін көрген Қазақстан бұл жүйені өз аумағында енгізудің қажеттілігін біліп отыр", - дейді Александр Караваев.

Сарапшының айтуынша, жиі өтетін үкімет отырысы және президент немесе премьер-министрдің тапсырмасын күтетін бұрынғы жиындар қазір өзектілігін жоғалтып жатыр. Себебі бүгінде туындаған проблемалар жедел шешімін табуды қажет етеді. Оның айтуанша, Ресейде Data-Driven Government жүйесіне көші 2012 жылы басталып, 5-8 жылдың ішінде үлкен жетістікке алып келді.

Қазақстанда қалай

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы республикада 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл цифрлық технологияларды қолдану арқылы елдің әрбір тұрғынының өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді бағдарлама.

Қазақстан экономикасының даму қарқынын жеделдету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай -ақ экономиканың жаңа траекторияға – болашақтың цифрлық экономикасына көшуіне жағдай жасау бағдарламаның негізгі мақсаты болып саналады.

2018 жылдан 2020 жылға дейін "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын іске асыруға 41 миллиард теңге жұмсалды, оның ішінде 4,6 миллиард теңге Цифрлық даму министрлігі жүзеге асыратын жобаларға бағытталды.

Қазақстанның бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов Қазақстандағы цифрландырудың жаңа кезеңі басталғаны туралы айтуға болатынын мәлімдеді.

"Цифрландыру процесінде тоқтап қалуға болмайды, үнемі уақытпен бірге даму керек. Қазір үлкен деректер көлемін өңдейтін BigData дәуірі басталды. Яғни мемлекеттік органдар деректерді жинау және талдаумен ғана емес, болжамға қарай бет алды. Сондықтан басқа елдермен тәжірибе алмасу Қазақстанға дамып, өз технологиялары, жабдықтары мен инфрақұрылымын жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ЕАЭО аясындағы ынтымақтастық жағдайында аса маңызды", - деді Абылайхан Оспанов.

Жаңалықтар
0