Экономика

Қазақстан Венгриямен әуе рейсін жандандырды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өту Wizz Air әвиакомпаниясы
 Wizz Air әвиакомпаниясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2021
Жазылу
Рейстер санын ұлғайту эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның шешіміне байланысты қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Венгриямен әуе рейсін жандандырды.

Бұл мәселе коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Венгриядағы елшілігінің бірлескен жұмысының арқасында 9 қыркүйектен бастап Венгрияның "Wizz Air" әуе тасымалдаушысы Будапешт пен Нұр-Сұлтан қалалары арасында А320 ұшақтарымен  аптасына 1 рет тұрақты рейстерді қайта бастауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада. 

Венгрияға жасалатын рейстер санын ұлғайту мәселесі эпидемиологиялық жағдайға және ведомствоаралық комиссияның тиісті шешіміне байланысты қабылданады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар пандемия кезінде қай елдерге ұша алады

Жаңалықтар
0